COVID-19 Alert to all Healy Members: Currently there are no FDA approved therapies to treat or prevent COVID-19 (Coronavirus). Neither is the Healy intended to diagnose or treat any disease, including COVID-19. Healy is a microcurrent medical device cleared by the U.S. Food and Drug Administration only for local relief of acute, chronic, and arthritis pain and muscle soreness due to overexertion. Healy also has non-medical applications that use individualized frequencies to help balance your mind and body and relieve stress in support of wellness but not for the treatment of disease. Healy World supports and encourages the practice of COVID-19 preventive measures published by the World Health Organization (WHO) and the Centers for Disease Control and Prevention (CDC). If you, your family, or customers experience any of the COVID-19 symptoms as described by WHO and the CDC, we urge you to seek medical diagnosis and treatment.

Privacy

Құпиялық саясаты

Төменде сіздің https://www.healyworld.net/de/ сайтымызға кіруіңіздің және/немесе пайдалануыңыздың негізінде және дистрибьютер серіктес ретінде келісімшартқа отырған кезде деректердің жиналуы және осы деректердің пайдаланылуы, өңделуі және/немесе жариялануы туралы ақпарат берілген.

Деректерді қорғау заңының аясында бақылаушы:

Official Name: Healy International B.V.
Address: Paterswoldseweg 806, 9728 Groningen
CEO: Millicent B.V.
E-Mail: imprint@healyworld.net
Phone: +31 800 3336222

(бұдан әрі: HEALY)

Бақылаушының деректерді қорғау жөніндегі маманы:

SBS Data Protect GmbH

атынан басқарушы директор Тило Ноак мырза әрекет етеді,

Hans-Henny-Jahnn Weg 49

22085 Гамбург

Эл-пошта: noack@sbs-data.de

Пайдаланушы осы Құпиялылық саясатында берілген құқытарын пайдалану үшін немесе дербес деректерді пайдалану, жинау және өңдеу үшін жоғарыда көрсетілген деректерді қорғау жөніндегі маманына хабарласуы керек.

Бақылаушы ретінде, деректерді қорғау заңының талаптарына сәйкес, HEALY пайдаланушыларының дербес деректерін және құпиялылығын сақтауға және оны құпияда ұстауға жауапты болады. Дербес деректерді жинау, сақтау, өзгерту, беру, бұғаттау, жою және пайдалану тиісті заңнамалық талаптарға сәйкес, әсіресе Жалпы деректерді қорғау ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

HEALY компаниясында техникалық және ұйымдастырушылық қорғаныс шаралары пайдаланушының деректерін кез келген рұқсатсыз ашудан, кездейсоқ немесе әдейі пайдаланудан, бұзудан немесе жоғалтудан қорғайды.

Healy World GmbH 2019

Терминдердің анықтамасы

Заңнамалық орган дербес деректі дерек субъектісіне қатысты заңды, әділ және ашық түрде өңделуін талап етеді (заңдылық, әділдік және ашықтық); Осыған кепілдік беру үшін, біз сізге Құпиялылық саясатында пайдаланылатын терминдердің заңды түсіндірмелері туралы ақпарат береміз:

1. Дербес дерек

«Дербес дерек» — анықталатын немесе анықталмайтын жеке тұлғаға қатысты кез келген ақпарат (бұдан әрі — «Дерек субъектісі»); анықталатын жеке тұлға тікелей немесе жанама түрде анықтауға болатын, әсіресе анықтаушы тұлға берген ақпарат, мысалы аты, сәйкестендіру нөмірі, орналасқан жері, онлайн сәйкестендіргіші немесе осы жеке тұлғаның физикалық, психологиялық, жыныстық, менталды, экономикалық, мәдени немесе әлеуметтік сипаты бойынша анықтауға болатын тұлға.

2. Өңдеу

«Өңдеу» — дербес дерекпен немесе бірнеше дербес деректермен, жинау, жазу, ұйымдастыру, құрылымдау, сақтау, бейімдеу немесе өзгерту, шығарып алу, кеңес беру, пайдалану, беру арқылы жариялау, тарату немесе басқа жолмен қол жетімді ету, сәйкестендіру, үйлестіру, шектеу, жою немесе кетіру сияқты автоматты немесе автоматты емес жолмен жасалатын кез келген операция немесе операциялар жиынтығы.

3. Өңдеуді шектеу

«Өңдеуді шектеу» сақталған дербес деректерді оны болашақта шектеу үшін белгілеуді білдіреді.

4. Талдау

Талдау — жеке тұлғаға қатысты жеке мәселелерді бағалау үшін дербес деректерді пайдаланудан тұратын дербес деректерді автоматты түрде өңдеудің кез келген түрін білдіреді, әсіресе осы жеке тұлғаның жұмыс көрсеткіштеріне, экономикалық жағдайына, денсаулығына, жеке қажеттіліктеріне, мүдделеріне, сенімділігіне, әрекетіне, орналасқан жеріне немесе қозғалыстарына қатысты мәселелерді талдау немесе болжау.

5. Псевдонимизация

Псеводнимизация — қосымша ақпаратты пайдаланбай дербес деректі белгілі бір дерек субъектісіне қатыстырмай, осындай қосымша ақпаратты бөлек сақтап, оны белгілі немесе белгіленетін жеке тұлғаға қатысты болмауын қамтамасыз ететін техникалық және ұйымдастырушылық шараларына қатысты етіп, дербес деректі өңдеу.

6. Файл жүйесі

Файл жүйесі — орталықтандырылған, орталықтандырылмаған немесе географиялық немесе функциялық негізде таратылған белгілі критерийге сәйкес қол жетімді болатын дербес деректердің құрылымды жиынтығы.

7. Бақылаушы

Бақылаушы — дербес деректерді өңдеудің мақсатын және құралдарын өзі немесе басқалармен бірге анықтайтын жеке немесе заңды тұлға, үкіметтік орган, агенттік немесе басқа ұйым; осындай өңдеудің мақсаты мен құралдарын Одақтың немесе мүше елдің заңымен анықталатын болса, Одақ немесе мүше ел бақылаушыны немесе тағайындаған тұлғаның арнайы критерийлерін беруі керек.

8. Өңдеуші

Өңдеуші — дербес деректі бақылаушының атынан өңдейтін жеке немесе заңды тұлға, үкіметтік орган, агенттік немесе ұйым.

Healy World GmbH 2019

9. Қабылдаушы

Қабылдаушы — үшінші тарап немесе басқа тарап болса да, дербес дерек жарияланатын жеке немесе заңды тұлға, үкіметтік орган, агенттік немесе басқа ұйым. Одақтың немесе мүше елдің заңына сәйкес белгілі бір сұраным аясында дербес деректі қабылдайтын үкіметтік органдар қабылдаушы болып табылдмайды; ондай деректерді осындай үкіметтік органдардың өңдеуі өңдеу мақсаты бойынша белгілі бір деректерді қорғау ережесіне сәйкес болады.

10. Үшінші тарап

Үшінші тарап — дерек субъектісінен, бақылаушыдан, өңдеушіден немесе бақылаушының немесе өңдеушінің тікелей нұсқауы бойынша дербес деректі өңдеуге өкілетті басқа тұлғадан басқа кез келген жеке немесе заңды тұлға, үкіметтік орган, агенттік немесе ұйым.

11. Келісім

Келісім — дерек субъектісі берге келісім кез келген еркін берілген, белгілі, түсінікті етіп берген талабы, ол арқылы, ол өтініш немесе түсінікті келісім арқылы өзіне қатысты дербес деректі өңдеуге келісімін береді.

Өңдеу заңдылығы

Өңдеу тек өңдеуге заңды негіз болған кезде ғана заңды болады. Деректерді қорғау туралы жалпы ережелердің 6(1)-бабы 1-тармағы а – f тармақшасында өңдеудің заңды негіздері былай деп көрсетілген:

a. дерек субъектісі өз деректерін бір немесе бірнеше белгілі мақсатта берген жағдайда;

b. өңдеу дерек субъектісі тарап болып табылатын келісімшартты орындау үшін немесе осы келісімшартты жасар алдында дерек субъексінің өтініші бойынша бірнеше әрекетті жасау үшін қажет болғанда;

c. өңдеу бақылаушыға қатысты заңды міндеттемелерге сәйкес қажет болғанда;

d. өңдеу дерек субъектісінің немесе басқа жеке тұлғаның мүдделерін қорғау үшін қажет болғанда;

e. өңдеу халықтың мүддесіне сәйкес тапсырманы орындау немесе бақылаушыға берілген ресми өкілеттікті орындау үшін қажет болғанда;

f. өңдеу бақылаушының немесе үшінші тараптың заңды мүдделерінің мақсатында қажет болғанда, бұл ретте дерек субъектісінің дербес деректерінің қорғалуын талап ететін, әсіресе дерек субъектісі бала болған кезде мүдделерге немесе басты құқықтар мен деректің бостандығына қатысты болған жағдайлар жатпайды.

Дербес деректі жинау туралы ақпарат

Төменде біздің веб-сайтымызды пайдаланған кезде сіздің дербес деректеріңіз жиналатынын хабарлаймыз. Дербес деректерге аты, мекенжайы, электрондық поштасы, пайдаланушы әрекеті жатады.

Бөл. 1. Біздің веб-сайтымызды пайдаланған кездегі жиналатын дербес деректер

Веб-сайт ақпарат алу мақсатында пайдаланылатын болса, HEALY тек пайдаланушының браузері серверге беретін дербес деректі ғана жинайды. Егер пайдаланушы HEALY веб-сайтын көргісі келсе, HEALY пайдаланушыға веб-сайтты көрсету үшін және тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін техникалық себептермен қажет болатын төмендегі деректерді жинайды.

Healy World GmbH 2019

∙ Сұраныс орны

∙ IP мекенжайы

∙ сұраныс күні және уақыты

∙ Гринвич уақыты (GMT) бойынша уақыт аймағының айырмашылығы

∙ сұраным мазмұны (белгілі бет)

∙ қол жеткізу күйі / HTTP күй коды

∙ әр жағдайда берілетін деректер саны

∙ сұраным жіберген веб-сайт

∙ браузер

∙ операциялық жүйе және оның жұмысы

∙ браузер бағдарламалық құрал тілі және нұсқасы

Техникалық бағалаудан кейін бұл деректер дереу жойылады. Деректерді қорғау туралы жалпы ережелердің 6(1) -бабы 1-тармағы f тармақшасына сәйкес осы деректі жинау біздің веб-сайтмыздың ұсынысын дұрыс көрсету үшін, мүдделерді бағалаған кезде біздің заңды мүдделерімізді қорғау үшін, сонымен қатар ЕО деректерді қорғау ережелеріндегі қауіпсіздік және құпиялылық талаптарына сәйкес болады.

Бөл. 2. Куки-файлдарын пайдалану

Жоғарыдағы деректермен қатар куки-файлдар немесе пиксель сияқты технологиялар (бұдан әрі «Куки-файлдары» деп аталады) біздің веб-сайтты пайдаланғанда немесе оған кіргенда компьютеріңізде пайдаланылады. Куки-файлдары — компьютеріңіздегі ақпаратты, бейне файлдарды, мысалы пиксельдерді сақтайтын терминалыңызда сақталатын шағын мәтін файлдары. Келесі жолы осы терминал арқылы біздің веб-сайтқа кірсеңіз, Куки-файлдарында сақталған ақпарат біздің веб-сайтқа қайта жіберіледі («бірінші тараптың куки-файлдары») немесе куки-файлдың өзінің басқа веб-сайтына («үшінші тараптың куки-файлдары») жіберіледі.

Сақталған және қайтарылған ақпарат арқылы тиісті веб-сайт сіздің терминалыңыздың браузері арқылы оған бұрын кіргеніңізді анықтайды. Бұл ақпаратты пайдалану веб-сайтты сіздің қалауыңызша көрсетуге көмектеседі. Сіздің терминалыңызда тек куки-файлдың өзі ғана анықталады. Одан тыс жерде сіздің дербес деректеріңіз тек сіздің келісіміңізбен ғана немесе сізге ұсынылған және сіз сұратқан қызметті дереу атқару үшін міндетті болып табылған кезде ғана сақталады.

Бұл веб-сайтта көлемі мен функциясы төменде түсіндірілген куки-файлдардың мына түрлері пайдаланылады:

∙ Өте қажетті куки-файлдар (а түрі)

∙ Функциялық және жұмыс көрсеткішінің куки-файлдары (б түрі)

∙ Келісімді қажет ететін куки-файлдар (с түрі)

Біз пайдаланатын әр құрал бойынша біз сізге қандай куки-файл түрі пайдаланылатынын және қойылғанын хабарлайтын боламыз.

(1) Өте қажетті куки-файлдар (а түрі)

Өте қажетті куки-файлдар сіз біздің веб-сайтымызды мақсатына сәйкес пайдалана алмайтын функцияларды кепілді түрде орындайды. Бұл куки-файлдарды тек біз ғана пайдаланамыз, сондықтан олар бірінші тарап куки-файлдары болып табылады. Бұл куки-файлдарында сақталған барлық ақпарат біздің веб-сайтымызға оралатынын білдіреді.

Healy World GmbH 2019

Мысалы, өте қажетті куки-файлдар біздің веб-сайттың қосымша беттеріне кірген кезде тіркелген пайдаланушы жүйеге кірген күйде болуы үшін қажет, осылайша сіз жаңа бетке кірген сайын жүйеге кіру деректеріңізді қайта енгізудің қажеті болмайды.

Өте қажетті куки-файлдарын біздің веб-сайтта сіздің келісіміңізсіз пайдаланылады. Сондықтан өте қажетті куки-файлдарды белсенді күйден шығаруға немесе кіргізуге болмайды. Дегенмен, сіз куки-файлдарды браузеріңізде кез келген уақытта өшіре аласыз (төмендегіні қараңыз).

Осы деректі өңдеу Деректерді қорғау туралы жалпы ережелердің 6(1)-бабы 1-тармағы, b тармақшасына заңды түрде негізделеді.

(2) Функциялық және жұмыс көрсеткішінің куки-файлдары (b түрі)

Функциялық куки-файлдар біздің веб-сайтымызға бұрын енгізілген ақпаратты (мысалы тіркелген атты немесе тілді таңдау) сақтауға және осы ақпараттың негізінде сізге жақсартылған және жеке функцияларды ұсынуға мүмкіндік береді. Бұл куки-файлдар сіздің веб-сайттағы әрекеттеріңізді бақыламайтындай етіп, тек анонимді ақпаратты жинайды және сақтайды.

Жұмыс көрсеткішінің куки-файлдары веб-сайттың тартымдылығын, мазмұнын және функциялылығын жақсарту үшін веб-сайттың қалай пайдаланылатыны туралы ақпаратты жинайды. Куки-файлдар бізге, мысалыбіздіңвеб-сайтымыздыңқандайқосымшабеттерінекөпкіретінінжәнепайдаланушыларқандай контентке қызығатынын анықтауға көмектеседі. Әсіресе біз бетке кіру санын, көрген қосымша беттердің санын, біздің веб-сайтта өткізген уақытын, веб-сайттарға кіру ретін, қандай іздеу сөздері сіздерді бізге алып келгенін, қай елден, аймақтан, қажет болса қаладан келгенін, сонымен қатар біздің веб-сайтқа кіруге көмектескен мобильді құралдардың пропорциясын анықтауға көмектеседі. Сонымен қатар біз тінтуірді басуды және айналдыруды есептейміз, бұл веб-сайтмыздың қай аймағы пайдаланушыларды қызықтыратыны туралы мәлімет береді. Кейін біз пайдаланушыларымыздың қажеттіліктеріне сай етіп веб-сайтымыздың контентін жақсартып, ұсыныстарымызды оңтайландырамыз. Техникалық себептермен берілетін компьютеріңіздің ІР мекенжайы автоматты түрде құпия болып табылады және жеке пайдаланушы туралы кез келген қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді.

Сіз функциялық және жұмыстық куки-файлдарыңыздың пайдалануын кез келген уақытта куки-файлдарын тиісті түрде баптау арқылы реттей аласыз.

Осы деректі өңдеу Деректерді қорғау туралы жалпы ережелердің 6(1)-бабы 1-тармағы, f тармақшасына заңды түрде негізделеді.

(3) Келісімді қажет ететін куки-файлдар (с түрі)

Куки-файлдар өте қажетті (а түрі) немесе функциялық, я болмаса жұмыстық (b түрі) болмаса, міндетті түрде сіздің келісіміңізді қажет етеді.

Біз веб-сайтмызға кірушілердің құпия әрекеттерінен жиналатын куки-файлдар арқылы жиналған ақпаатты сізге біздің белгілі бір өнімдеріміздің жарнамасын көрсету үшін пайдалану құқығын өзімізге қалдырамыз. Біздің оймызша, пайдаланушыға бұл да пайдасын тигізеді, өйткені біз тек сіздің кіру әдеттеріңізге негізделген жарнаманы ғана көрсетеміз, сіздің мүдделеріңізге сай болғымыз келеді, сондықтан сізге кездейсоқ жарнамалар және сізді қызықтырмайтын контенттер көрсетілмейтін болады.

Маркетингілік куки-файлдар сыртқы жарнама компанияларынан келеді (үшінші тарап куки-файлдары) және пайдаланушы үшін мақсатты топқа бағытталған жарнама құру үшін пайдаланушы кірген веб-сайттар туралы ақпаратты жинау үшін қолданылады.

Маркетингілік куки-файлдардан бас тарту

Онлайн жарнама үшін пайдаланылатын куки-файлдарды көптеген елдерде, мысалы АҚШ https://www. aboutads.info/choices/ немесе Еуро Одақ http://www.youronlinechoices.com/uk/your-ad-choices сияқты өздігінен реттелетін бағдарламалар аясында әзірленген құралдар арқылы басқаруға болады.

Куки-файлдарына келісімді кез келген уақытта қайтарып ала аласыз және оны болашақта қайта өгертуге болады.

Healy World GmbH 2019

Осы деректі өңдеу Деректерді қорғау туралы жалпы ережелердің 6(1)-бабы, 1-тармағы, а тармақшасына заңды түрде негізделеді.

(4) Барлық куки-файлдарды басқару және жою

Оған қоса, интернет браузеріңізді терминалыңызда куки-файлдарын сақтауға жол бермейтіндей немесе әрдайым куки-файлдарын баптауға келісім бере бермейтіндей етіп баптауыңызға болады. Куки-файлын баптағаннан кейін оны кез келген уақытта жоя аласыз. Бұның бәрі қалай жұмыс істейтінін браузеріңіздің көмек функциясынан таба аласыз.

Куки-файлдарды жалпы белсенді күйден шығару веб-сайтымыздың функцияларын шектеуі мүмкін екенін ескеріңіз.

Бөл. 3. Сервердің журнал файлдары

Біздің веб-сайтымызға ешқандай дербес дерек бермей де кіре аласыз. Біздің веб-сайтымызға кірген сайын деректерді пайдалану бізге және біздің веб-серверімізге / АТ сервис провайдерімізге өзіңіздің интернет браузеріңіз арқылы жіберіледі және журнал деректерінде (сервердің журнал файлдарында) сақталады.Осысақталғандеректер,мысалы,кіргенбеттіңатауын,кірукүніменуақытын,ІРмекенжайын, берілген деректер санын және сұраныс жасаған провайдерді қамтиды.

Бұл өңдеу Деректерді қорғау туралы жалпы ережелердің 6(1)-бабы, 1-тармағы, f тармақшасының негізінде, біздің веб-сайтымыздың қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ететін және біздің қызметтерімізді жақсартатын заңды мүддеге сәйкес іске асырылады.

Бөл. 4. Байланыс сұратылған жағдайда дербес деректерді жинау және пайдалану

HEALY компаниясына электронды пошта арқылы немесе байланыс формасы арқылы хабарлассаңыз, HEALY сіздің сұранысыңызға жауап беру үшін сіз берген деректерді (электронды поштаңызды, егер қажет болса, атыңыз бен тегіңізді) сақтайды. HEALY бұл қажеттілік жойылған кезде, мысалы сіздің мәселеңіз шешілгеннен кейін бұл деректі жояды. Немесе өңдеу заңға сәйкес сақталуы тиіс болса, шектеледі.

Осы деректі өңдеу Деректерді қорғау туралы жалпы ережелердің 6(1)-бабы 1-тармағы а тармақшасының негізінде, пайдаланушының келісімі бойынша заңды түрде іске асырылады.

Бөл. 5. Дистрибьютерлік серіктес келісімшартын жасаған кезде дербес деректі жинау

Дистрибьютерлік серіктес келісімшартын жасау үшін бізге сізден төмендегідей дербес деректер қажет:

1. атауы,

2. аты,

3. есімі

4. мекенжайы

5. телефон нөмірі,

6. электронды поштасы,

7. сату салық сәйкестендіру нөмірі,

8. кредиттік карта, банк және тікелей дебиттік деректері.

HEALY деректерді тек келісімшартты орындау үшін және осы мәселеге байланысты дистрибьютерлік серіктестермен байланысу үшін ғана пайдаланады. Оның ішіне келісімшартты, кепілдіктерді әзірлеу, жасау және өңдеу, қажет болса келісімшартты қайтару кіреді. Деректер келісімшартты орындау аяқталғанша сақталады. Коммерциялық және заңды сақтау мерзімдері болған жағдайла деректер 10 жылға дейін сақталуы мүмкін.

Healy World GmbH 2019

Бұл ақпарат дистрибьютерлік серіктес келісімшартын жасау және орындау үшін қажет. Осы деректі өңдеу Деректерді қорғау туралы жалпы ережелердің 6(1)-бабы 1-тармағы, b тармақшасына заңды түрде негізделеді. Салық және коммерциялық заң себептерімен одан әрі сақтаудың заңды негізі Деректерді қорғау туралы жалпы ережелердің 6-бабы (1) 1-тармағына сәйкес келеді.

Бөл. 6. Деректерді үшінші тараптарға беру

1 HEALY келісімшартты орындау үшін немесе HEALY заңды мүдделерін орындау үшін қажетті шамада ғана пайдаланушылардың дербес деректерін ашады. HEALY келісімшартты орындау үшін сыртқы қызмет көрсетушілерді (өңдеушілерді) пайдаланады. Пайдаланушылардың дербес деректерін қамтамасыз ету үшін қызмет көрсетушілермен жеке деректерді өңдеу келісімшарты жасалған.

Дистрибьютер серіктес ретінде сіз бэк-офиске кіре аласыз. Осы бэк-офисте сіздің ниетіңіз бойынша жасалған тапсырыстарды көре аласыз. Сондықтан сізідң талабыңыз бойынша тапсырыс берген қызметкерлер туралы ақпарат сізге көрінеді:

Күйі (тұтынушы / дистрибьютер серіктес), тегі, аты, электронды поштасы, алдыңғы айда тапсырыс берілген тауарлардың таза құны, топ мүшелерінің саны, соңғы онлайн қызмет уақыты.

Бұл ақпарат комиссиялық шағымдарды есептеу және бақылау үшін қажет. Осы деректі өңдеу Деректерді қорғау туралы жалпы ережелердің 6(1)-бабы 1-тармағы, b тармақшасына заңды түрде негізделеді.

Оған қоса сіз бэк-офисте топқа шолу жасай аласыз. Бұл шолу сізге астыңызға жазылған дистрибьютерлік серіктестер туралы ақпарат береді. Сондықтан төмендегідей ақпарат көрінеді:

Күйі (тұтынушы / дистрибьютер серіктес), тегі, аты, алдыңғы айда тапсырыс берілген тауарлардың таза құны, топ мүшелерінің саны, соңғы онлайн қызмет уақыты.

Бұл ақпарат комиссиялық шағымдарды есептеу және бақылау үшін қажет. Осы деректі өңдеу Деректерді қорғау туралы жалпы ережелердің 6(1)-бабы 1-тармағы, b тармақшасына заңды түрде негізделеді.

(2) Егер сіз мүше болсаңыз, жоғарғы жағыңыздағы дистрибьютер серіктестердің дифференциалды комиссиясын есептеу үшін тапсырыстарыңыз бойынша жоғарыдағы дербес деректер және сіздің тобыңыздың шолуы сіздің жоғарғы жағыңыздағы дистриюьютерлік серіктестерге де көрінеді. Осындай деректерді өңдеу комиссияларды есептеу және бақылау үшін қажет. Осы деректі өңдеу Деректерді қорғау туралы жалпы ережелердің 6(1)-бабы 1-тармағы, b тармақшасына заңды түрде негізделеді.

(3) Комиссияларды төлеу үшін бізге төмендегідей деректер қажет: Мәртебе, тегі, аты, мекенжайы, банк деректемелері.
Бұл ақпарат комиссиялық шағымдарды есептеу және бақылау үшін қажет. Осы деректі өңдеу Деректерді қорғау туралы жалпы ережелердің 6(1)-бабы 1-тармағы, b тармақшасына заңды түрде негізделеді.

(4) Жеткізуді орындау үшін дистрибьютерлік серіктестің аты, тегі, мекенжайы, электронды поштасы, телефон нөмірі жөнелту компаниясына беріледі. Бұл деректі беру сізбен, дистрибьютерлік серіктес ретінде келісімшарт жасау үшін іске асырылады. Осы деректі өңдеу Деректерді қорғау туралы жалпы ережелердің 6(1)-бабы 1-тармағы, b тармақшасына заңды түрде негізделеді.

(5) Төлемді өңдеу үшін дистрибьютерлік серіктестің төлем деректері, атап айтқанда: аты, тегі, мекенжайы, электронды поштасы, телефон нөмірі тиісті төлем қабылдау компаниясына беріледі. Деректерді өңдеу сізбен, дистрибьютерлік серіктес ретінде келісімшарт жасау үшін іске асырылады. Осы деректі өңдеу Деректерді қорғау туралы жалпы ережелерді 6(1)-бабы 1-тармағы b тармақшасына заңды түрде негізделеді.

Healy World GmbH 2019

Бөл. 7. Сыртқы құралдарды пайдалану

Әртүрлі компаниялардың әртүрлі құралдары біздің веб-сайтымызға енгізіліп, сіздің пайдаланушы әрекетіңіздібағалайдынемесебасқавеб-сайттарменбайланысорнатады.Пайдаланушылардыңдербес деректерін қамтамасыз ету үшін төмендегі компаниялармен жеке деректерді өңдеу келісімшарты жасалған.

Біз мына қызмет қөрсетушілермен жұмыс істейміз:

Google Аналитикасын пайдалану

Веб-сайт Google Inc. («Google») компаниясының веб- сайты талдау қызметін көрсететін Google Аналитикасын қолданады. Google Аналитикасы «cookie файлдары» деп аталатын, бізге біздің веб-сайтымызды пайдалануыңызды талдауға мүмкіндік беретін, компьютеріңізге сақталған мәтіндік файлдарды пайдаланады. Куки-файлы шығаратын тиісті веб-сайтты пайдалану туралы ақпарат АҚШ-та Google серверіне жіберіледі және сол жерде сақталады. Алайда, ІР анонимизациясы Еуропалық Одаққа мүше елдерінде немесе Еуропа экономикалық аймақ туралы келісімшартқа отырған елдерінде тиісті веб -сайтта іске қосылады , сондықтан Google жіберер алдында сіздің ІР мекенжайыңызды қысқартады. Тек ерекше жағдайларда ғана толық ІР мекенжайды АҚШ-та Google сервері жіберіліп, қысқартылады. Google бұл ақпаратты сізідң веб-сайтты пайдалануыңызды бағалау үшін, веб-сайттағы әрекеттеріңіз туралы есеп әзірлеу үшін және веб-сайтты пайдалануға қатысты қосымша қызметтер көрсету үшін және веб-сайтты пайдалану туралы есепті веб-сайт операторына жіберу үшін осы веб-сайттың операторының атынан пайдаланады.

Сіздің браузеріңіз Google Аналитикасы тұрғысынан жіберетін ІР мекенжайы басқа Google деректерімен біріктірілмейді.

Сіз тиісті браузердегі бағдарламалық жасақтама баптаулары арқылы куки-файлдарын құрудың алдын ала аласыз, алайда мұндай жағдайда сіз веб-сайттың толық сипаттарын пайдалана алмайтыныңызды ескерткіміз келеді. Сонымен қатар, сіз куки-файлдары құрған деректерді және сіздің веб-сайтты пайдалануыңызға қатысты (соның ішінде ІР мекенжайыңызды) Google серверінің жинауына тыйым сала аласыз, сонымен қатар осы деректі жүктеу және браузер плагиніне орнату арқылы өңдеуді http:// tools.google.com/dlpage/gaoptout?hl=de сілтемесіннен қарай аласыз.

Бұл веб-вайт «_anonymizeIp()» кеңейтімі бар Google Аналитикасын пайдаланады. Осылайша ІР мекенжайлар қысқартылғаннан кейін ғана өңделеді, бұл дегеніміз олар белгілі бір тұлғаларға берілмейді. Егер сіздің жиналған деректеріңіз тікелей сізге қатысты болса, мұндай байланыс бірден жойылады және дербес дерек дереу жойылады.

Біз Google Аналитикасын біздің веб-сайтымызды талдау және үнемі жақсартып отыру үшін пайдаланамыз. Алынған статистика бізге осы ұсынысымызды жақсартуға және оны сізге пайдаланушы ретінде қызықты етуге көмектеседі. Америка Құрама Штаттарына дербес деректер берілетін ерекше жағдайларды көру үшін Google ЕО-АҚШ құпиялылық ережелерін ұстанады: https://www.privacyshield. gov/EU-US-Framework.

Үшінші тарап провайдері туралы ақпарат: Google Dublin, Google Ireland Ltd., Gordon House, Barrow

Street, Dublin 4, Ирландия, Факс: +353 (1) 436 1001. Қызмет көрсету шарттары:

http://www.google.com/analytics/terms/de.html, privacy overview: http://www.google.com/intl/de/ana-

lytics/learn/privacy.html, and the privacy policy: http://www.google.de/intl/de/policies/privacy.

Осыған қоса бұл веб-сайт пайдаланушы ағымдарының қайшы құрылғыларын талдау үшін Google Аналитикасын пайдаланады, бұл талдау пайдаланушының сәйкестендіру нөмірі арқылы жүргізіледі. Сіз «Менің деректерім», «Дербес деректер» бөлімдеріндегі пайдаланушы аккаунтының әртүрлі құрылғыларында пайдалану талдауын ажырата аласыз.

Google аралитикасын пайдалану Деректерді қорғау туралы жалпы ережелердің 6(1)-бабы, 1-тармағы, а тармақшасына заңды түрде негізделеді. Веб-беттегі куки-файлдарын сақтау мерзімі ең көбі 12 ай.

Healy World GmbH 2019

Google аналитикасының жарнама функциясы

Егер Google аналитикасының жарнама функциясын пайдалануға келісім берсеңіз, бұл веб-сайт стандартты функциялармен қатар Google талдау функцияларын да пайдаланады. Google аналитикасының жарнама функциясы бұл сайтта әрекет етеді және оның ішіне демография және мүдделер бойынша Google аналитикалық есебі кіреді.

Осы мақсатты , біз бірінші тарап куки-файлдарын (мысалы, Google аналитика куки -файлдары) және үшінші тарап куки-файлдарын (мыс. екі шетурі куки-файлдары) пайдаланамыз, бұл бізге біздің сайтымызға кірген қонақтардың демографиялық ерекшеліктері мен мүдделерін құпия және жинақы түрде талдауға көмектеседі. Біз ақпаратты веб-сайтымызды жақсарту үшін пайдаланамыз.

Бұл бақылау процесіне қатыспаудың бірнеше жолы бар: а) браузер бағдарламалық жасақтамаңызды тиісті түрде баптау; b) https://www.google.com/ads/preferences/?hl=de сілтемесі бойынша Google жарнама баптауларын белсенді күйден шығару, с) тиісті куки-файлық баптау [link to cookie settings page]. Мұндай жағдайда біз ұсынатын функцияларды толығымен пайдалана алмайтыныңызды ескертеміз. Сақтау мерзімі ең көбі 26 ай. Google аралитикасының жарнама функциясын пайдалану Деректерді қорғау туралы жалпы ережелердің 6(1)-бабы, 1-тармағы, а тармақшасына заңды түрде негізделеді.

Google картасын пайдалану

Біз веб-сайтмызда орналасқан жерімізді көрсету және бізге келу жолын сипаттау үшін Google картасын пайдаланамыз. Бұл қызметті бұдан әрі «Google» деп аталатын Google LLC, Gordon House, Barrow Street, Dublin 4, ирландия компаниясы көрсетеді.

ЕО-АҚШ құпиялылықты қорғау бағдарламасына https://www.privacyshield.gov/ сәйкес Google компаниясы ЕО деректерді қорғау талаптары деректер АҚШ-та өңделген кезде орындалатынына кепілдік береді.

Біздің веб-сайтта белгілі бір шрифтілерді көрсетуді іске қосу үшін АҚШ-та Google серверіне біздің веб-сайтты біреу ашқан кезде қосылады.

Егер сіз біздің Интернетте болуымыз үшін кіріктірілген Google картасы компонентін ашсаңыз, Goo-gle сіздің терминалыңызға қатысты сіздің интернет браузеріңіз арқылы куки-файлдарын сақтайды. Сіздің пайдаланушы баптауларыңыз және деректеріңіз біздің орналасқан жерімізді көрсету үшін және баратын жолды сипаттау үшін өңделеді. Бұл ретте біз АҚШ-та Google серверді пайдалануына тыйым сала алмаймыз.

Осы деректі өңдеу Деректерді қорғау туралы жалпы ережелердің 6(1)-бабы, 1-тармағы, f тармақшасына заңды түрде негізделеді. Біздің заңды мүдделерімізге сәйкес интернетте болуымыздың функциялылығын оңтайландыру керек.

Google қызметімен осылайша орнатылған байланыс Google сайтына қай веб-сайт сіздің сұранысыңызды жібергенін және қай ІР мекенжайына маршруттық сипаттама жіберіледі.

Егер осындай өңдеумен келіспейтін болсаңыз, интернет браузеріңізде тиісті баптаулары бар куки-файлдарын орнатудан бас тартуыңызға болады. Егжей-тегжейлі ақпаратты «Куки-файлдары» бөлімінен таба аласыз.

Оған қоса, Google карталары және осы Google картасын пайдалану арқылы алынған ақпарат https://

policies.google.com/terms?gl=DE&hl=de сайтындағы Google пайдалану шарттарымен және Google

картасын пайдалану шарттарымен басқарылады.

https://www.google.com/intl/de_de/help/terms_maps.html.

Оған қоса, Google толығырақ ақпаратты https://adssettings.google.com/authenticated сілтемесінде және https://policies.google.com/privacy сілтемесінде береді.

Healy World GmbH 2019

Сіздің құқықтарыңыз бен дербес деректеріңізді қорғау үшін біз Google карталарына екі шерту шешімін ұсындық, бұл сіз карта функциясын іске қосқанда ғана Google серверіне деректерді жіберуге көмектеседі.

Google жарнамасын конфигурациялау

Google жарнамасын конфигурациялау қызметтерін сыртқы веб-сайттарда біздің тамаша ұсыныстарымызға жарнамалау құралы (Google Ads) арқылы назар аудару үшін пайдаланамыз. Жарнамалау науқандарының деректері бойынша біз жарнама шараларымыздың қаншалықты жақсы болғанын анықтай аламыз. Біз бұны сізге сізді қызықтыратын жарнаманы көрсету мүддесін орындау үшін, біздің веб-сайтты қызығырақ ету үшін және жарнама құнын дұрыс есептеу үшін қажет.

Осындай жарнама құралын Google «Ad Servers» арқылы жібереді. Біз жарнаманы көрсету, пайдаланушылардың басуы сияқты белгілі бір параметрлерді өлшеу үшін Ad Servers куки-файлдарын пайдаланамыз. Егер сіз біздің веб-сайтқа Google жарнамасы арқылы кіретін болсаңыз, Google жарнамасы сіздің терминалыңыздың куки-файлдарын сақтайды. Бұл куки-файлдар 30 күннен кейін жарамсыз болады және олар сіздің жеке тұлғаңызды анықтау үшін пайдаланылмайды. Бірегей куки сәйкестенджірунөмірі,әршығарылғанжарнамаәсерлерініңсаны(жиілігі),соңғыәсері(көргенненкейінгі конфигурация) және бас тарту ақпараты (пайдаланушының енді қайтып сақталуын қаламайтынын белгілеу) әдетте осы куки-файлдарының талдау мәндері ретінде сақталады.

Бұл куки-файлдар Googleзға сіздің интернет браузеріңізді тану үшін қажет. Егер пайдаланушы жарнамалайтынпайдаланушывеб-сайтындағыбелгілібірбеттергекіретінболса,оныңкомпьютеріндегі куки-файлдардың мерзімі өтпеген болса, Google және пайдаланушы жарнаманы басқанын біліп, сол бетке жібереді. Әр жарнама пайдаланушысына әртүрлі куки-файлдары беріледі. Сондықтан да жарнама пайдаланушыларының веб-сайты арқылы куки-файлдары бақыланбайды. Біз жоғарыдағы жарнама шаралары аясында ешқандай дербес деректерді жинамаймыз және өңдемейміз. Біз тек Goo-gle-дан статистикалық бағалау нәтижелерін аламыз. Осы бағалаулардың негізінде қай жарнамалау шаралары тиімді екенін анықтай аламыз. Біз жарнамалау құралын пайдаланғаннан ешқандай қосымша деректерді алмаймыз, әсіресе біз пайдаланушыларды осы ақпараттың негізінде анықтай алмаймыз.

Пайдаланылатын маркентинг құралдарының арқасында сіздің браузеріңіз автоматты түрде Google серверімен тікелей байланыс орнатады. Біз Google осы құрал арқылы жинайтын деректерді одан әрі қарай қалай пайдаланатынына ықпал ете алмаймыз, сондықтан тек өз білгенімізді ғана хабарлаймыз. Жарнаманы конфигурациялауды біріктіру арқылы Google веб- сайттың белгілі бір бөлігінен сіз шақыртқан ақпаратты немесе біздегі жарнаманы басқаныңызды алады. Егер сіз Google қызметінде тіркелген болсаңыз, Google сіздің аккаунтыңызға кіруді тағайындай алады. Егер сіз Google сайтына тіркелмеген болсаңыз немесе жүйеге кірмеген болсаңыз да, провайдер сіздің IP мекенжайыңызды тауып сақтай алады.

Facebook қалыпты тұтынушылары — Facebook пикселі

Веб-сайт Facebook Inc. компаниясының (бұдан әрі — «Facebook») «қалыпты тұтынушылары» қайта маркентингілеу функцияы арқылы 6 ай ішінде сізбен қайта хабюарласу үшін пайдаланады. Бұл веб-сайт пайдаланушыларына Facebook әлеуметтік желісіне немесе осы процесті пайдаланатын басқа сайттарға кірген кезде қызықты интернеттегі жарнамаларды (Facebook жарнамаларын) көруге мүмкіндік береді. Біз бұны сізге сізді қызықтыратын жарнаманы көрсету мүддесін орындау үшін, біздің веб-сайтты қызығырақ ету үшін және веб-сайтты сізге қызығырақ ету үшін қажет.

Пайдаланылатын маркентинг құралдарының арқасында сіздің браузеріңіз автоматты түрде Facebook серверімен тікелей байланыс орнатады. Біз Facebook осы құрал арқылы жинайтын деректерді одан әрі қарай қалай пайдаланатынына ықпал ете алмаймыз, сондықтан тек өз білгенімізді ғана хабарлаймыз. Facebook қалыпты тұтынушыларды біріктіру арқылы Facebook біздің интернетіміз бар веб-сайттың белгілі бір бөлігінен сіз шақыртқан ақпаратты немесе біздегі жарнаманы басқаныңызды алады. Егер

Healy World GmbH 2019

сіз Facebook қызметінде тіркелген болсаңыз, Facebook сіздің аккаунтыңызға кіруді тағайындай алады. Егер сіз Facebook сайтына тіркелмеген болсаңыз немесе жүйеге кірмеген болсаңыз да, провайдер сіздің IP мекенжайыңызды және қосымша сәйкестендіру сипаттамаларын тауып сақтай алады.

Сіз «Facebook қалыпты тұтынушылар» функциясын белсенді күйден шығара аласыз, және https://www.

facebook.com/settings/?tab=ads#_ пайдаланушы ретінде кіруге болады.

Facebook деректерді өңдеу тәсілі туралы толығырақ ақпарат алу үшін https://www.facebook.com/about/ privacy сайтына кіріңіз.

Пайдаланылатын куки-файлдар: с түрі. Толығырақ ақпаратты «куки-файлдарыә» бөлімінен таба аласыз.

Facebook қалыпты тұтынушыларды пайдалану Деректерді қорғау туралы жалпы ережелердің 6(1)-бабы 1-тармағы, a. тармақшасына заңды түрде негізделеді.

Бөл. 8 FACEBOOK fan page

Бұл бетте ұсынылған қызметтер туралы ақпаратты алу үшін HEALY Facebook Ireland Ltd., 4 Grand Canal Square Grand Canal Harbour, Dublin 2, Ирландия («Facebook») компаниясының техникалық платформасын және қызметтерін пайдаланады.

ECJ пікірінше, Facebook және Facebook fan page операторы Деректерді қорғау туралы жалпы ережелердің 26-бабына сәйкес Facebook fan page арқылы өңделетін дербес деректерге қатысты біріккен бақылаушылар болып табылады. Сондықтан, Facebook және HEALY ортақ жауапкершілік туралы келісімшарт жасасты, оны осы жерден таба аласыз.

HEALY Facebook fan page бетінде деректерді өңдеу туралы мынандай ақпарат береді:

(1) Бақылаушылар

Сіздің дербес деректеріңізді HEALY Facebook fan page бетінде өңдеу

Facebook Ireland Ltd., 4 Grand Canal Square Grand Canal Harbour, Dublin 2, Ирландия компаниясымен бірге жүргізіледі.

(2) Деректерді өңдеу

Facebook fan page бетіне кірген кезде құрылғыңыздың ІР мекенжайы Facebook бетіне жіберіледі. Face-book берген ақпаратқа сәйкес осы ІР мекенжайы құпияланады және егер ол германиялық IP мекенжай болса, 90 күннен кейін жойылады. Facebook сонымен қатар өзінің пайдаланушылары туралы қосымша ақпаратты сақтайды, мысалы пайдаланылатын Интернет браузері туралы. Бұл Facebook серверіне IP мекенжайларын жеке пайдаланушыларға байланыстыруға көмектесуі мүмкін. Егер Facebook аккаунтыңызға кірген болсаңыз, біздің фан парақшамызға кірген кезде сіздің Facebook сәйкестендіру нөміріңіз сіздің құрылғыңыздағы куки-файлында болады. Осы куки-файлының арқасында Facebook сіздің фан парақшамызға кіргеніңізді және оны қалай пайдаланғаныңызды бақылайды. Facebook бұл ақпаратты сізге қажетті контентті немесе жарнаманы көрсету үшін пайдаланады.

Бұдан бас тартқыңыз келсе, өзіңіздің Facebook акаунтыңыздан шығуыңызға және/немесе «Мені жүйеде кірген күйде сақтау» функциясын ажыратуыңызға болады. Сонымен қатар құрылғыңыздағы куки-файлдарды жойып, браузерді жауып қайта ашуыңызға болады. Осылайша Facebook сізге қатыстыратын деректер туралы Facebook ақпараты жойылады.

Алайда , сіз фан парақшамыздың интерактивті қызметтерін пайдаланғыңыз келсе, қайтадан Facebook жүйеге кіру ақпаратымен Facebook жүйесіне кіруіңіз керек. Сол кезде Facebook қайтадан деректерді сізге қатыстырады.

Facebook сіз Facebook бетіне өз мақсатыңызбен кірген кездегі деректерді қалай пайдаланатынын, Facebook бетіндегі әрекеттер жеке пайдаланушыларға қаншалықты қатыстырылатынын, Facebook бұл деректерді қанша уақыт сақтайтыныны және сіздің Facebook бетіне кіргеніңізден алынған деректердің үшінші тараптарға берілетінін толық және айқын айтып көрсетпейді және біз де оны білмейміз. Біз тек

Healy World GmbH 2019

сізге, біздің фан парақшамыздың пайдаланушысы ретінде Facebook деректерді қорғау есептеріне қосу үшін сілтеме жасай аламыз.

Бұл ретте жиналатын сізге қатысты деректерді Facebook компаниясы өңдейді және Еуропалық Одақ елдерінен тыс жерлерге жіберілуі мүмкін.

Facebook қандай ақпаратты жинайтынын және оны деректерді пайдалану саясатына сәйкес қалай пайдаланатыны туралы жалпылама сипаттаған. Ол жерден Facebook компаниясымен қалай хабарласуға болатынын және жарнама баптауларын қалай реттеуге болатынын біле аласыз. Деректерді пайдалану саясаты мына сілтемеде: http://de-de.facebook.com/about/privacy

Facebook толық Деректерді пайдалану саясаты мына сілтемеде:

https://de-de.facebook.com/full_data_use_policy

Facebook деректер саясатынаа деректерді өңдеу бойынша толығырақ ақпарат кіреді:

https://www.facebook.com/about/privacy/

Бас тарту опциялары мына сілтемеде: https://www.facebook.com/settings?tab=ads және http://www.youronlinechoices.com

Facebook Inc. компаниясы, АҚШ-тағы Facebook Ireland Ltd. бас компаниясы ЕО-АҚШ деректер

құпиялылығы саясатына сәйкес куәландырылған және Еуропалық деректерді қорғау ережелерін

орындауға міндеттеенді. Facebook компаниясының деректер құпиялылығы күйі туралы толығырақ

ақпаратты мына сілтемеден таба аласыз:

https://www.privacyshield.gov/participant?id=a2zt0000000GnywAAC&status=Active.

Facebook фан парақшасының операторлары ретінде біз пайдаланушылардың дербес деректерін үшінші елдерге, мысалы АҚШ-қа жіберілуін және одан әрі өңделуін және сізге пайдаланушы ретінде қандай қауіп барын біле алмаймыз.

(3) Инсайт функциясы

Сонымен қатар Facebook «Инсайт» деп аталатын функцияның аясында бірнеше статистикалық деректерді SBS-Legal компаниясына фан парақша операторы ретінде жібереді. Бұл статистиканы Facebook әзірлеп жібереді. Фан парақшасының операторы ретінде біз бұл статистиканың әзірленуіне ықпал ете алмаймыз, және бұл функцияның алдын ала алмаймыз. Инсайт функциясының аясында төмендегі ақпарат бізге белгілі бір уақыт аралығында «жанкүйерлер», «жазылушылар», «хабарланған адамдар» және «араласатын адамдар» санаттары бойынша бізге беріледі, мысалы:

бет қызметтері, мысалы бетке кірулер, бетке шолулар, беттегі әрекеттер, әрекет ету, мысалы «Лайк» басу, хабарланған және ұсыныс алған адамдар, үлес әрекеттері, мысалы үлес қосу өзара әрекеттестігі, бейнені көру, пікір жазу, бөлісу.

Оған қоса, бізге Facebook тобындағы статистикалық ақпарат біздің фан парақшамызға беріледі. Face-book профилін құрған кезде әр пайдаланушы алатын Facebook қызмет көрсету шарттарына сәйкес, біз парақшамыздың жазылушылары мен жанкүйерлерін сәйкестендіре аламыз, олардың профильдерін және олар бөліскен басқа да ақпаратты бөлісе аламыз.

Қосымша ақпаратты Facebook компаниясының мына сілтемесі арқылы алуға болады:

http://de-de.facebook.com/help/pages/insights.

HEALY компаниясы жиынтықталған түрдегі деректерді пайдаланады, үлес қосу үшін және фан парақшасын пайдаланушылар үшін жағымдырақ ету үшін, мысалы, біз контент пен үлес уақыттарын жоспарлаймыз. Осы деректі өңдеу, әсіресе біздің ұсыныстарымызды оңтайландырудың заңды мүддесі Деректерді қорғау туралы жалпы ережелердің 6(1)-бабы 1-тармағы f тармақшасына заңды түрде негізделеді.

Healy World GmbH 2019

(4) Сақтау мерзімі

Біз тек Facebook берген ақпаратты ғана сақтаймыз, өйткені біздің мүдделеріміз сіздің ақпаратты жою немесе құпияландыру сияқты мүдделеріңізге сәйкес келмейді.

Сіздің пайдаланушы профиліңіз бен біздің фан парақшамыздың арасындағы байланысты «Бұл бетті ұнатпау» және/немесе «Бетті бақыламау» функциялары арқылы жоюға болады, және қалауыңызша, сипатталған деректерді өңдеу болашақта жүргізілмейді.

(5) Дерек субъектісі ретінде сіздің құқықтарыңыз

Құпиялылық саясатының астындағы құқықтарыңыз туралы ақпаратты сұратсаңыз немесе басқа сұрақтарыңыз болса, тікелей Facebook компаниясына хабарласуыңызды сұраймыз, өйткені Facebook пайдаланушының деректеріне толықтай қол жеткізе алады. Егер, сұранысыңызды бізге жіберсеңіз, біз әрине оны өңдейміз және Facebook компаниясына жібереміз.

Бөл. 9. Балалар

Біздің ұсынысымыз ересектерге арналады. Жасы 18-ге толмаған адамдар ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің келісімінсіз дербес деректерін бермеуі тиіс.

Бөл. 10. Дерек сұбъектілерінің құқықтары

Дерек субъектісінің құқықтары:

∙ деректерінің өңделуі туралы ақпаратты немесе растауды алу

∙ деректерді жою немесе кетіру

∙ өңдеуді шектеу

∙ өңдеу туралы шағымдану

∙ деректерді тасымалдау

∙ болашақта пайдалануға келісімін қайтарып алу

∙ қадағалаушы органға шағымдану

Германиядағы қадағалаушы органдардың тізімі мына жерде берілген:

https://www.bfdi.bund.de/DE/Infothek/Anschriften_Links/anschriften_links-node.html

Осы ақпарат сізге құқықтарыңызды пайдалануға көмектеседі деп сенеміз. Егер Деректер қорғанысы туралы ережелер бойынша қосымша ақпарат алу үшін бізге хабарласыңыз.

Құпиялылық саясатының соңғы жаңартылған күні: 24 қыркүйек 2019 жыл

Scroll to Top